Ресей премьері Мишустин: "Қазақстан ресми мәртебеге ие орыс тіліне ұқыпты қарайды"

8974
Adyrna.kz Telegram

Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин Қазақстанның орыс тіліне деген ұқыпты көзқарасын атап өтті. Оның айтуынша, бұл елдерге іскерлік және мәдени байланыстарды орнатуға көмектеседі, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қазақстанның ресми мәртебеге ие орыс тіліне деген ұқыпты көзқарасын атап өткім келеді. Бұл біздің азаматтарымыздың еркін араласуына, іскерлік қарым-қатынас орнатуға және мәдениетаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді", - деді Ресей премьер-министрі дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен келіссөздер барысында.

Мишустин екі елдің өңіраралық өзара іс-қимылының белсенді дамуына назар аударып, күзде Орынборда саудадағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау тақырыбына арналған Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумы өтетінін еске салды.

Премьер сондай-ақ, тараптар мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға ерекше мән беретінін, Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, РФ Үкіметінің басшысы ЕАЭО аясындағы, соның ішінде қаржы және сауда саласындағы Ресей мен Қазақстанның көпжақты байланыстарын атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер