АҚШ Қазақстанды Ресей мен Беларусь елдеріне санкцияланған тауарларды тасымалдаушы елдер тізіміне қосты

2162
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Қазақстанды Ресей мен Беларусь елдеріне шикізат ретінде санкцияланған тауарларды тасымалдауға рұқсат етілген елдердің тізіміне қосты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ресей мен Беларусь елдеріне санкцияланған тауарларды жөнелтуде  Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Грузия, Армения, Бразилия, Қытай, Үндістан, Израиль,Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайвань, Тәжікстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Өзбекстан елдері жүк тиеу пункттеріне айналып, «шектелген немесе бақыланатын экспорт» жүзеге асырылады.

Бұл ретте тауарлар «заңды түрде осы және басқа да юрисдикцияларға басқа да дайын өнімді өндіру үшін шикізат ретінде экспортталуы мүмкін». Кейбір жағдайларда қосымша ауыстырып тиеу пункттері арқылы дайын өнімдер мен тауарларды Ресейге немесе Беларуське одан әрі экспорттауға тыйым салынады.

"Ерекше алаңдаушылық тудыратын" тауарлар санатына әскери мақсаттарда пайдалануға болатын техника жатады: ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, гидроакустикалық жүйелер, антенналар, спектрофотометрлер, сынақ жабдығы, GPS жүйелері, вакуумдық сорғылар, сондай-ақ мұнай кәсіпшілігі жабдығы.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер