Қазақстан елшілігі Ресейде оқитын студенттерге үндеу жасады

2949
Adyrna.kz Telegram
Фото: mail.kz
Фото: mail.kz
Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігі Ресейге оқуға келетін қазақстандық студенттерге үндеу жариялады. Олар Ресейге кірген кезде көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек. Бұл туралы елшіліктің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек. Келу мақсатының басқа түрлерін көрсету Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуге тиіс. Мұндай ұйымдардың тізімін білім алып жатқан университет әкімшілігінен сұрауға болады.
"Ресей Федерациясының аумағындағы барлық шетелдік азаматтар үшін сақтандыру полисінің болуы міндетті екенін ескертеміз. ЖОО сақтандыру компанияларымен бірлесіп, студенттерге арналған арнайы бағдарламаларды, соның ішінде 07.01.2021 жылғы 274-ФЗ Федералдық заңына сәйкес ақылы медициналық тексеруден өту қызметтерін әзірледі", – деп қосты ведомство.
”Адырна” ұлттық порталы 
Пікірлер