Путин көмекшісі: Ресей SWIFT-ті тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды

4197
Adyrna.kz Telegram

Путиннің көмекшісі Максим Орешкин SWIFT банк жүйесінің Ресейде сұранысқа ие болуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«SWIFT-пен өте оңай: біз оған қажеттілік болмайтындай етіп жасаймыз. Мен бұл туралы айттым және бұл қазірдің өзінде негізгі міндет. Біз қазір сыртқы экономикалық қызметті барынша ыңғайлы етуге назар аударып жатырмыз», -деді Орешкин.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында ЕО Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін келіскен болатын. Оның тармақтарының бірі көптеген ресейлік қаржы ұйымдарын SWIFT төлем жүйесінен ажыратуды қарастырды. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер