Пара алғаны үшін медицина университетінің экс-проректоры сотталды

2463
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Капаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер