"Бораттың отаны": қазақстандық спортшы ұлт намысын таптаған Иран спортшысымен жекпе-жекке шықпақ

11832
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшы Алмат Джуманов Қазақстанды "Бораттың отаны" деп атаған Ирандық Саджад Гарибиге қарсы шықпақ, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы Джумановтың менеджері Қанат Райымбек мәлімдеді. 

Жекпе-жекке ел атынан бірнеше рекордтар тізімін жаңартқан бодибилдер, Qazaq Titan атымен танымал Алмат Джуманов шықпақ. Шара шілденің 31-жұлдызында, Дубай қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Ирандық Саджад Гариби Алмат Джумановты "Қазақстан Бораттың отаны мен бұл жерде нағыз Халкпын" деп жекпе жекке шақырған болатын, Алмат Джуманов та Саджадтың суретін өртеп біраз дау-дамай тудырып, жекпе жегін қабыл алған болатын. Алайда әлемдік карантин жарияланып жекпе-жек кейінге шегерілді. Алдағы уақытта Алмат Джуманов ел намысын қорғап әлемдік рингкке шықпақ. Жекпе жек бокс спорты бойынша өтетін болып шешілді.

Пікірлер