Таразда жоқ қантты 2 миллион теңгеге сатқан әйел ұсталды

2849
Adyrna.kz Telegram
Фото: syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz
Таразда жоқ қантты 2 миллион теңгеге сатқан алаяқ әйел ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, 29 шілдеде Тараз қаласының полициясына облыс орталығының тұрғындарынан арыз түскен. Олар бейтаныс адам оларға қантты арзан бағамен сатуға уәде беріп, ақша алғанын айтты. Кейін хабарласу мүмкін болмай қалған.
Залалдың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асады. "Anti-fraud" жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
”Адырна” ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер