Қытай Тайваньға қарсы сауда санкцияларын салды

2857
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

АҚШ Конгресінің спикері Нэнси Пелосидің сапарынан кейін Қытай Тайваньға қарсы сауда санкцияларын салды. Бұл туралы Тайвандағы Economic Daily News газеті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, Қытайдың бас кеден басқармасы 3 тамызда мәлімдеме жасап, бұдан былай Тайваньнан цитрус жемістері, салқындатылған қылыш балық, мұздатылған скумбрия және басқа да өнімдердің импорты тоқтатылатынын хабарлаған.

Қытайдың ресми мәлімдемесінде импорттың тоқтатылуының негізгі себебі – осы өнімдерден зиянды заттардың табылуына байланысты деп түсіндірілді.

Қытайдың Сауда министрлігі де 3-і күні таңертең Тайваньға табиғи құмды экспорттауды тоқтататынын жариялады.

Қытай үкіметінің «Тайвань істері жөніндегі кеңсесі» де сол күні Тайваньның «Тайвань демократиясы қоры», «Халықаралық ынтымақтастық және даму қоры» және басқа да ұйымдарға санкция салып, бұл ұйымдардың қытайлық кәсіпорындармен, заңды тұлғалар немесе басқа кез келген нысанда ынтымақтастық жасауына тыйым салатынын хабарлады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер