Ердоған: Украина-Ресей соғысында ешкім жеңімпаз болмайды

2006
Adyrna.kz Telegram

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинге Украина-Ресей соғысында ешкім жеңімпаз болмайтынын айтып, Түркияда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу өткізуді ұсынды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мен Украинадағы соғыста ешкім жеңімпаз болмайтынын басынан-ақ айттым. Қиындықтарға қарамастан, мен дағдарыс келіссөздер үстелінде шешіледі деп сенемін.Мен Путин мырзаға оның Зеленский мырзамен кездесуін ұйымдастыра алатынымызды тағы бір мәрте еске салдым. Біз аймақтық және жаһандық әлемге өз үлесімізді қосу үшін Қара теңіз жағындағы көршімізбен,  Ресеймен барлық саладағы диалогты дамытуды жалғастырамыз. Мен Құдайдан Сочидегі кездесулеріміз біздің аймақ үшін, әсіресе Түркия мен Ресей үшін пайдалы болуын сұрап, дұға етемін", – деді Ердоған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер