Кітап жазу мен дәріс оқуды жоспарлап жүрмін: Сапарбаев зейнеттегі өмірін айтып берді

1745
Adyrna.kz Telegram

Бердібек Сапарбаев "Желмая" бағдарламасына берген сұхбатында өмірінің 45 жылын мемлекеттік қызметке арнағанын, соның 30 жылы билік саласында өткенін айтты. Ендігі жерде ол бос уақытында кітап жазуды қолға алатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Әсіресе балаларым, немере, ағайын, туысқан, достарға бардым. Әр азамат өзіне ұнайтын жұмыспен айналысуы керек. Сол кезде адам тоқ болады, оның болашағы бар әрі бақытты болады. Қанша жыл жұмыс істегенде шамам келгенше халықтың сенімінен шығып, жағдайын жақсартуға тырыстым. Әр нәрсенің өз бастауы мен аяқталуы болады. Одан кейін әр нәрсені уақытында аяқтау керек, мен де солай жасадым. Еңбек еткен бес өңірде жаман жұмыс істемеген сияқтымын", – деді ол.

"Бастысы ойлау қабілетімді тоқтатпауын керек, зейнетке шықтым екен деп үйде отырып қалуға болмайды. Адам үйде отырып қалса – тез қартаяды. Бұған дейін жинаған архивтерім бар, алдағы уақытта кітап жазу ойда бар. Қай өңірде жұмыс істесем де, не істегенімді жазып жүретін әдетім бар.  Кіммен кездестім, қай жерге барғанымды күнделік ретінде жазып жүретінмін. Қазір соның барлығын топтастырып, қарап жазып шығуым керек. Өйткені артымнан қандай да бір естелік қалу керек", – дейді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев университеттерде дәріс оқығысы келетінін де жасырмады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер