Патрушев Қазақстан мен Өзбекстандағы төтенше оқиғаларға қатысты пікір білдірді

4055
Adyrna.kz Telegram
Фото: ksonline.ru
Фото: ksonline.ru

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев биыл Қазақстан мен Өзбекстанда болған төтенше оқиғалар Батыстың «түрлі-түсті революцияларын» ұйымдастыру әрекетінің нәтижесі екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Түрлі-түсті революциялар әлі күнге дейін американдық үлгідегі демократияны алға жылжытудың негізгі құралы болып табылады. Біздің елдерде батыстықтардың арандату әрекеттері тұрақты түрде байқалады. Мысалы, біз Қазақстандағы оқиғаларды осылай бағалаймыз. 2020 жылы Беларусьте, қаңтарда Қазақстанда және шілдеде Өзбекстан мен Қарақалпақстанда», - деді Патрушев Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 17-ші жыл сайынғы отырысында.

Патрушевтің сөзін РФ Қауіпсіздік кеңесі аппаратының баспасөз қызметі келтіреді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер