Ринат Заитов: Бекболат Тілеухан Қаңтар оқиғасы боларын біліп тұрып айтпады (ВИДЕО)

2746
Adyrna.kz Telegram

Айтыскер ақын Ринат Заитов Бекболат Тілеухан "Қаңтар оқиғасы" болатынын алдын-ала біліп, бізге айтпай кетті деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Ulysmedia порталына берген сұхбатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Өз басым Бекболат Тілеухан деген әншіні жақсы көремін. Мен ол кісімен араласамын. Сөйлесемін. Бірақ Қаңтарда өкпеледім... Соның ішінде жүріп, бәрін білді ғой. Бір ауыз айта салса болатын еді. Кетіп қалғаны жарайды... Бірақ, бір ауыз айтуға болатын еді ғой! "Жігіттер, міне осылай істеліп жатқан нәрсе. Абай болыңдар" деп. Сонысына ғана өкпеледім. Ал енді ол айтыста айтылғаннан кейін "айтыстың тілі" сондай да... Мен шамам келгенше қазақтардың барлығын жақсы көремін. Қай жаманы болсын, қай жақсысы болсын...", - дейді Ринат Заитов.

Пікірлер