Жетісайдағы базардағы өртке байланысты комиссия құрылды

2141
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы "Күлпаршын" базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр). 

Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Комиссия алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті. Мәселе бақылауға алынды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер