Мәди Ахметов: Cтуденттік жатақхана мәселесін шешу аса маңызды!

1899
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik.kz
Фото: Sputnik.kz

Алматы әкімдігі жатақханалар құрылысына көмектеседі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов өзінің инстаграм парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Бүгінгі кеңесте қала әкімі Ерболат Досаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, жоғары оқу орындарының ректорлары мен қоғам өкілдері жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығын талқылады.

"Алматыдағы студенттік жатақхана мәселесін шешу аса маңызды. Берілген уәде іс жүзінде орындалады деген ойдамыз", -  деп жазды депутат.


Өткен оқу жылында жатақханада 32 мың орын жетіспеген еді. Қаланың 36 жоғары оқу орнында 182 мың студент оқыды, оның 112 мыңы – басқа өңірден келгендер.

"Қала әкімі айтуынша, білім беру гранттарының көбеюіне байланысты сырттан келетін студенттер 125 мыңға дейін жетуі мүмкін. Осы жылы жатақхана салуды жоспарлаған төрт университеттің ішінен тек Гончаров атындағы университет құрылыс жұмыстарына кірісті", -делінген ресми хабарламада.

Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарына көмек көрсету үшін әкімдік құрылыс кезінде туындайтын мәселелерді зерттейді. Бұған қала әкімдігінің бөлімшелері, бейінді министрлік пен ЖОО өкілдері атсалысады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер