СҚО-да терезеден құлап кеткен 2 жасар қыз аман қалды

1622
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысында терезеден құлап кеткен 2 жасар қыз аман қалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

СҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 26 тамызда СҚО облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген.

"Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын апасының қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады", -делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер