Қазақстандықтар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды талап етіп, петиция жариялады

2311
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстандықтар балаларды зорлық-зомбылықтан, педофилиядан, қудалау мен қорлаудан және агрессияның басқа да түрлерінен қорғауды талап етіп, петиция жариялады. Бұл петицияны #NeMolchiKZ Қозғалысының волонтерлері Қазақстан аналарының үндеуінен кейін, NеMolchiKZ қорының соңғы 6 жылында зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың ата-аналары мен туыстарынан алынған арыздар негізінде құрастырған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Құқық қорғау органдарымен, соттармен, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалармен және олардың жақындарымен жұмыс тәжірибесіне негізделген! Президентімізді, Қазақстан Үкіметін, Парламентті Бала жылында жаңа оқу жылы басталмай тұрып, Қазақстандық аналардың талаптарын жіті назарда ұстауға шақырамыз!  

Балаларымызға қауіпсіздік керек, жазадан қашып құтыла алмайтындарына кәміл сенімді болуымыз керек, балалар үшін мемлекеттен қорғау тиімді және уақытында болуы қажет!», деп жазылған петицияда.

Сондай-ақ, #NeMolchiKZ Қозғалысы петиция арқылы төмендегі талаптардың орындалуын сұрайды:

  1.    Біз балаларымызды қорғауды қамтамасыз ететін заңның қабылдануын талап етеміз, кәмелетке толмаған баланы жыныстық сипаттағы кез келген зорлау, зорлау деп танылуы керек, біз кәмелетке толмағандарды балалар деп санауды қолдаймыз. Қылмыстық кодекстен «16 жасқа толған есі дұрыс адам қылмыстың субъектісі болып табылады» деген ұғым алынып тасталсын. Біз балалармен кез келген жыныстық сипаттағы болған қылмысты қатаң жазалап, бас бостандықтарынан айыруды, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз!
  2.    Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының https://qamqor.gov.kz/gis «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасағандар картасы» қолданыстағы интернет-ресурсын үнемі жаңарта отырып, онда аты-жөні мен фотосуреттерінің көрсетілгенін, бұрын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 124 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған, қазір пробациялық бақылауда тұрған барлық педофилдердің геолокациясын көрсете отырып, тұрақты түрде жарияланып отыруын, сондай-ақ қазіргі кездегі педофилдер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 124 баптары бойынша ескі және жаңа заңдар бойынша бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқандар және босап шыққандар туралы, олардың тұрған жері туралы білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеттері арқылы ақпарат таратылып отыруын талап етеміз.
  3.    Баланың жыныстық қол сұғылмауына қол сұққан барлық күдіктілерді дереу бақылауға алуды, немесе жағдай анықталғанша екі айға қамауға алуды талап етеміз, өйткені бұл қылмыстар қоғам үшін қауіпті және басқа балалар зардап шегу қаупі жоғары!
  4.    Осы қылмыстарды халықтың ерекше бақылауында ұстауды, қылмысты жасыру және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін өңірлердегі ата-аналар комитетінің белсенділерінен қоғамдық бақылау жасауды талап етеміз!
  5.    Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстарды жасырғаны, әділетсіз тергеп-тексеру, сараптамалар, дәлелдемелерді жинау, кәмелетке толмағандардың куәгерлерінен құқық қорғау органдарына, сот-медициналық сарапшыларға, білім беру қызметкерлеріне жауап алу үшін жазаны күшейтуді талап етеміз!
  6.    Тергеушілер, күдіктінің адвокаттары, сот сарапшылары зорлық-зомбылықтан жәбірленушіге қысым көрсетпеу, құқық қорғау органдарының баланың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын дұрыс емес сұрақтар қоймауы үшін, кәмелетке толмағандардан жауап алудың этикалық нормаларын әзірлеуді және бекітуді талап етеміз.
  7.    Біз, құқық қорғау жүйесінің барлық инстанцияларында, соттарда, мектептерде, дәрігерлер мен психологтарда «Бала зорлық-зомбылық көрген жағдайда не істеу керек?» деген нұсқаулықтың болуын талап етеміз! Бұл нұсқаулықта бала мен ата-ананың құқықтарын, балаға қандай тергеу шараларын, қандай мерзімде жүргізу керектігін тармақ-тармақпен сипаттау қажеттіліктерінің болуын талап етеміз!
  8.   Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған барлық қылмыстар бойынша жауап алыну, арнайы балалар бөлмелерінде жүргізілуін, жауап алу кезінде балалардың зорлаушымен кездеспеуін, онымен бір бөлмеде қалмауын, балаға барлық сұрақтарды балалар тергеуші психологы қоюды, жарақат алған баланы қорқытпау үшін полицейлердің азаматтық киімде болуын талап етеміз. Жауап алудың барлық қатысушылары, адвокаттар және т.б., арнайы шыны қабырғаның ар жағындағы балаға көрінбейтін жерде болып, сұрақтарын балалар тергеуші психологына дайындап беріп, жауабын сол психолог арқылы алуды талап етеміз!
  9.    Мектептер, балабақшалар және басқа да оқу орындарының директорлары, егер кәмелетке толмағандардың жеке басына қарсы қылмыс олардың мекемесінде немесе олардың тәрбиеленушілеріне қатысты жасалса, оларға қатысты бірыңғай іс-қимыл хаттамасын жасауды талап етеміз. Олар әзірленген және бекітілген хаттамаға сәйкес қатаң түрде әрекет ету керек, хаттамадан ауытқыған жағдайда жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек! Балаларды қорлау, зорлық-зомбылық, зорлау фактілерін көбіне мектеп директорлары жасырады!
  10. Балалар мен ата-аналарға арналған ақпараттық өнімдерді, қолжетімді веб-сайттарды құруды, оларды қылмыстан қорғау мақсатында ата-аналар чатында олар туралы ақпаратты таратуды және ата-аналарға, мұғалімдерге, жоғары сынып оқушылары үшін заң нормаларын түсіндіруді талап етеміз!
  11. Балалары жеке басына қарсы, басқа балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған ата-аналарды жауапқа тартуды, ал кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың өздерін агрессиядан емделу үшін, арнайы интернаттарға жіберуді талап етеміз!
  12. Айыпталушының мүддесін қорғайтын адвокат пен жәбірленушінің мүддесін қорғайтын адвокаттың тең құқықтарын қамтамасыз етуді талап етеміз. Мемлекеттен қорғауға тағайындалған адвокаттар жәбірленушіні ақша алып, татуласуға мәжбүрлейтін болса, өз жұмысын адал атқармаса, бұндай адвокаттардың көпшілігі жұмыс жасамайды, жәбірленушілер өз қайғысымен бетпе бет жалғыз қалып, тергеуде және сотта оларға қысым көрсетіледі, ал адвокаттардан еш көмек жоқ, мұндай адвокаттарды да жауапқа тартуды талап етеміз!
  13. Жәбірленушінің отбасы туралы жалған ақпарат тарататын, заңсыз ақпарат жинаумен айналысатын, әлеуметтік желілерде киберқорқытуды ұйымдастырған, баланың отбасына қауіп төндіретін, жәбірленушінің зорлаушымен некеге тұруын талап ететін және басқа да заңсыз әрекеттерді жасаған адамдарды жауапкершілікке тартуды талап етеміз!
  14. Кәмелетке толмаған баланың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың дәлелдемелерін бұрмалауға қатысқандардың барлығын қатаң жазалауды, оларды педофилдерге теңестіріп, педофил ретінде соттауды талап етеміз!
  15. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды жәбірленуші деп тануды талап етеміз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарды қатаң жазалаңыз, балаларды ұрып-соққаны үшін жауапқа тартыңыз, балаларды зорлаудың 80%-ын жақын ортадағы және отбасындағы адамдар жасайды, көп жағдайда бұл үйдегі ұрыс-керістің әсерінен болады.
  16. Зорлаудан аман қалған балаларды әйелдерге тексеруді, балаларды сарапшыдан қорықпау үшін мамандандырылған емханада, балалар кабинетінде тексеруді талап етеміз.Сондай-ақ, біз проктологтың тексеруінен өтуіне жағдай жасалуын, дәрігерлердің алғашқы күннен заңды түрде қылмыстық процеске қатысушы болуын, ата-ананың баланы тексеру үшін дәрігерлерді іздеп, жалынбауын талап етеміз.
  17. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған қылмыскерлердің жазасын жеңілдететін мән-жайларды алып тастауды, отбасы мүшелерінің өтініші бойынша оларды ата-ана құқығынан дереу айыруды талап етеміз! Біздің соттар педофилдің өзі зорлап, азаптаған немесе анасын өлтірген кәмелетке толмаған балаларының болуын, жеңілдететін мән-жай ретінде тануға дейін барды!
  18. Тергеу және сот істерінде балаларды, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар, арнайы оқытылған, тергеу психологтарының сүйемелдеуімен өтуін талап етеміз.
  19. Педофилдерге жазаны күшейтуді, өмір бойына ауыр жұмысқа жіберіп, оның жалақысының бір бөлігін педофилден зардап шеккен балаға  өмір бойына зейнетақы ретінде төлеуді, бір бөлігін педофилдің балаларына алимент өндіру үшін және оны түрмеде  асырап бағу үшін жұмсалуын талап етеміз! Халық салықтың есебінен  қылмыскерлерді асырауға міндетті емес!
  20. Зардап шеккен баланың отбасына ол жәбірленуші деп танылған сәттен бастап сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін әлеуметтік жәрдемақы тағайындалуын талап етеміз!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер