Ауған соғысы ардагерлері шекара күзетіндегі сарбаздармен кездесті

2491
Adyrna.kz Telegram

 

1979 жылы кеңес əскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 9 жыл, 1 ай, 19 күнге созылған соғыс жүргізді. Күрестің басты мақсаты - Ауғанстан жерінде толықтай саяси бақылау жүргізу болды. Осылайша, Кеңес Одағының əскерлері ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыстардың қақ ортасынан бір-ақ шықты. 1979 жылы полк Термез өзеніне қалқымалы көпір салуды бастады. Ал түс ауа, яғниМəскеу уақыты бойынша 15-те, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен 108-ші мото-атқыштар дивизиясы жəне 103-ші əуе-десант дивизиясы Ауған жеріне өтуді бастады. Артынша ауыр техника, ұшақтармен қаруланған 80 мыңдық ауыр қол Ауған жеріне лап қойды... Осылайша, 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 2238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі қанды қасап басталып кеткен-ді. Ауған соғысы туралы мəлiметтер соңғы жылдары қайта зерттелiп, жылдан-жылға оның əкелген зардабы мен тауқыметiнiң басқа қырлары ашылуда. Оның ақтаңдақ беттерiн ашу үшiн мəселенi жете зерделеп, анықтау бүгiнгi күннiң еншiсiнде. Бұл – əскери жарақат алып, мүгедек болған ардагерлердiң, жесiр қалған əйелдердiң, жетiм қалған балалардың, азаматынан айрылған ата-аналардың, əскери тапсырманы орындау кезiнде көз жұмған боздақтарымыздың алдындағы қасиеттi парызымыз. Алдымыздағы жылы 15 ақпанда Кеңес əскерлерiнiң Ауғанстан жерiнен əкетiлгенiне 30 жыл толды. Бұл əскери борышын Ауғанстанда атқарған азаматтар үшiн мереке емес, əдiлетсiз Ауған соғысында құрбан болған қаруластарын еске алу күнi. Сондықтан, қала мен аудан орталықтарында Ауғанстанда өздерiнiң интернационалдық борышын өтеу кезiнде ерлiкпен қаза тапқан қандастарымызға қойылған ескерткiштерге гүл шоғын қойып, олардың рухына тағзым етемiз. Осындай батырлық пен қаһармандықтың үлгiсiн көрсетiп, жат жерде өшпес ерлiк жасап, соғыс даласынан қайтпай қалған жауынгерлер рухына тағзым ете отырып, қайтпас қайсар ұл тəрбиелеген ақ жаулықты аналардың алдында басымызды иемiз. Күні кеше соғыс даласындағы қантөгісті 17-18 жасында, яғни бозбала шағында көрген жастар бүгін ардагер атанып ортамызда жүр. Елге олардың бірі денсаулығынан айрылып оралса, ал бірінің денесі табытпен қайтты. Олардың рухына тағзым ету, ал басы аман, бауыры бүтін көзі тірілеріне құрмет көрсету ұрпақ парызы.

Кездесуге келген ауған соғысы ардагерлері Ауғанстандағы соғысты, жоғарыда келтірілген деректерді мысалға ала отырып жас сарбаздарға экстремизм мен терроризмнен аулақ болуға шақырып, дінифанатизмге берілгеннің соңы жақсылыққа апармасын, әсіресе Отан алдындағы борышын, шекара күзетінде азаматтық борышын өтеп жүрген азаматтарға дінифанатизмге берілмеу керектігін түсіндірді. Кездесу соңы сарбаздар мен ардагерлердің топтық фотоға түсуімен аяқталды.

Жандос Мақсұтқалиұлы

Адырна порталы

 

Пікірлер