“Отбасымызды осымен асырап отырмыз”: Алматы тұрғындары көлікті тіркеу туралы өзгеріске қатысты Тоқаевқа видеоүндеу жолдады

2606
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының көлік жүргізушілері жиналып, Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Олар автокөліктерді легализациялауды бөліп-жармай, барлық көлікке бірдей жасалауын талап етті. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталының оқырманы хат жолдады.

“Құрметті президент, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Біз Қазақстан Республикасының азаматтары сізге осы видеоүндеуді жолдаймыз. Қыркүйектің бірі күнгі Жолдауыңызда сіз автокөліктерді легализациялау туралы айтып кеттіңңіз. Енді сол легализацияны бөліп-жармай, ҚАзақстанға кірген барлық көліктерге бірдей жасалса дейміз. Өйткені, сол көлікпен отбасымызды асырап отырмыз!”, деп видеоүндеу жолдады.

Айта кетейік, биыл 1 қыркүйекте мемлекет басшысы ел аумағына 2022 жылдың бірінші қыркүйегіне дейін машиналарды заңдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, негізі өзгерістердің бірі ретінде Әкімшілік кодекстің 590-бабтың 2-1 бөлігін пайда болғанын атауға болады. Аталған нормаға сай тіркелмеген көлік мінгендер 20 АЕК (61 260 теңге) айыппұл төлейді, бір жыл ішінде тәртіп сақшыларының көзіне қайта түссе, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер