Беларусь төңірегіндегі ахуал өте қауіпті – Лукашенко

1907
Adyrna.kz Telegram
Белоруссия есебінен "жаңа Украинаны" құрып, оны НАТО блогына қосып алғысы келеді, айналамыздағы ахуал өте қауіпті, деп мәлімдеді Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко өз сұхбатында.  Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.  

Мұны Президент 20 қыркүйекте Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфовичпен кездесуде мәлімдеді.

- Жағдай өте күрделі. Тіпті, қауіпті дер едім. Біз ешқандай жағдайда жеңілдің үстімен жүгірмеуіміз керек. Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Соғыс заңына сәйкес  қандай да бір әскери бөлімді дабыл белгісімен аяғымен тік тұрғызу қажет пе, демек, қажет, бізге солай жасау керек болады. Халық жасағы керек болады, бәрі өз орнында ма? Қандай жауынгерлер болуы тиіс, қарулары қандай болуы керек, ол жағын да тексеруіміз тиіс", - деді Президент.

Сұхбат соңында Беларусь басшысы Ресеймен қорғаныс кеңістігін құрғанын, қарулы күштері ортақ іс-қимылдарға қатысатындығын жеткізді. Бұл туралы Ресей және Белорусь мемлекеті 20 жыл бұрын уәделесіп қойғанын атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер