ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Ресей стратегиялық тұрғыда жеңілді. Басты мақсаты орындалмады

759
Adyrna.kz Telegram

АҚШ стратегиялық тұрғыда Ресей жеңілді деп есептейді екен. Өйткені алдына қойған бірде-бір мақсаты орындалған жоқ. Басқасын кейін талдай жатармыз, қазір тек бір ғана, мүмкін басты мақсатының орындалмай қалғанын айтайық.

Қырым түбегін басып алғандағы мақсаты - Қара теңізді НАТО-ға бермеу болатын. Қара теңізде Болгария, Румыния және НАТО-ның базасы бар Түркие біртіндеп қожа бола бастады. Оған Украина мен Грузия қосылғанда Ресей мүлдем шетке ығысып қалатындай болып көрінді, сондықтан да олар Украинаны басып алып Одессада Қаратеңіз Флотының әскери базасын орнатып Украинаны мүлдем Қаратеңізден бөлектеп тастап, сөйтіп теңіз державасы болып отырғысы келді.

Енді фактіге қарайық. Екі жылдық соғыста Ресей осы мақсатына жетті ме? Әрине, жоқ. Ол ол ма, тіпті ол Қара теңізде держава түгілі мықты ойыншы дәрежесіне де жете алмай қалды. Өз флоты жоқ Украина Ресейдің мұрнын бет, қанжоса қылып қоқыс шелекке лақтырып тастады. Ресей флоты теңізге шыға алмай Қырым бухталарына тығылып күн көретін күйге жетті. Украина еш қысылмастан өз астығын теңіз арқылы қалаған жағына сата бастады, Ресейдің "рұқсатына" құйрығын да сүртпейтін болды. Теңіз державасы дегені әдірем қалды.

Ресей сондай-ақ Балтық теңізінде де түгелдей НАТО елдерінің қоршауында қалды. Енді сол елдер рұқсат берсе ғана жүріп, бермесе жүре алмай қалатын дәрежеге дейін құлдырады.

Ертең Украина F-16 ұшақтарын алса онда Каспий флотилиясын да талқандап берсе деп тілеймін. Оған да оның толықтай сылтауы да, мүмкіндігі де бар, өйткені дәл осы теңізден Ресей Украинаны атқылаған болатын. Юридикалық негізі жеткілікті.

Сонда енді не қалды? Мұз құрсауында жатқан Солтүстік теңіздері болмаса? Немесе Владивостоктың айналасы? Сахалин? Оған жапондар рұқсат берсе? Баяғы "Ленин" атты мұзжарғыш кемелері бар ма екен әлде музейге кетті ме?

 

Қуаныш Еділханов

 

 

 

Пікірлер