АМАНГЕЛДІ КЕҢШІЛІКҰЛЫ: Баспанасын қорғаймын деп тағдыры тәлкекке түскен адамның өмірі

1458
Adyrna.kz Telegram

Прозаға қойылатын талаптар  күшейген заманда көлемді туынды  түгіл, жазған әңгімеңді де елге оқыту оңай емес. Соған қарамастан жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты бүгінгі күннің шындығын суреткерлік шеберлікпен жеткізген романын бас алмай оқып шықтым.

Сөйлемдерін тым күрделендіре бермей, бір оқиғадан соң екіншісі жетелеп, соңына жеткенше ынтықтырып, сиқырлы әлемінің өрісіне магниттей тартып әкететін туынды үш айда жазылғанымен, бұл роман автордың қазан миында ұзақ жылдар бойы қайнатылып, толғағы келген сәтте туа қалған шығарма сияқты болып көрінеді маған. Шығармада адамдардың тағдырынан бөлек, діни секталар тақырыбы, түрме тақырыбы т.с.с. бірнеше тақырыптар бар.

Романды оқу барысында автордың осы тақырыптарды жан-жақты зерттегеніне көзің жете түседі. Баспанасын қорғаймын деп тағдыры тәлкекке түскен бір адамның өмірі арқылы бүкіл бір ұлттың трагедиясын суреттейтін туындыны тебіренбей оқу мүмкін емес.

Адам өмірде ізін қалдыру үшін теңіне қосылып, шаңырақ көтеріп, ұрпақ сүюі тиіс. Ал, осындай нығметтердің бәрінен айырылған пендені артына із қалдырған, аты бар адам деуге бола ма?  Бас кейіпкердің мына жалған дүниеден тұрақ таба алмай шерменде күйге душар болуына кінәлі кімдер? Автор мұндай күрмеуі күрделі сұрақтың жауабын іздеуді оқырман еншісіне қалдырады.

 

Amangeldi Myrzabek

 

 

Пікірлер