"Тоқаев заңға қол қойды": 25 қазан - Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді

890

Тоқаев кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары түзетулер пакетін енгізіп, 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы норманы қолдаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket