Министрлер рейтингі: кім көп тілді меңгерген?

2756
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazdauiri.kz
Фото: qazdauiri.kz

Министрлерден кім көп тіл меңгерген.Бұл туралы Ranking.kz тілді меңгеру деңгейі бойынша министрлердің рейтингін жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар. Соның ішінен Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде – қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.

Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұр. Олардың әрқайсысы бес тілді меңгерген.

Үздік үштікті Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түйіндейді: әрқайсысы төрт тілді біледі.

Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін меңгерген.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер