Cанкция соққысынан кейін Ресей соғысты тоқтатқысы келетінін жеткізді

5959
Adyrna.kz Telegram

Еуропа одағы Ресейге қарсы сегізінші санкция пакетін дайындады. Шектеу мұнай мен көмір экспортына, авиация мен химиялық заттар сынды техникалық өнімдерге қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Запорож және Херсон аймақтарындағы басқыншылық әрекетінен кейін Ресей экономикасына тағы  тұсау салынды. Ресейдегі федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Украина делегациясымен қол алысып, ымыраластыққа келуге дайын екендіктерін жеткізді.

- Ресейдің талаптары мақұлданған жағдайда, ымыраға келуге даярмыз, - деді федерация басшысы.

НАТО мен Еуропа одағына мүше мемлекеттер Украина әскерлерін ұрысқа дайындауға толық қатысып жатыр. Украинаның НАТО құрамына қабылдану-қабылданбауына қатысты Еуропа одағының өкілі Тьерри Бретон:

- Украина жерінде соғыс өрті өршіп тұр. Сондықтан Украина әзірге НАТО-ға мүше бола алмайды, - деді өз сөзінде.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер