Оқушыларға жыныстық сауаттың орнына әскери дайындықты үйретейік - Ресей депутаты

1759
Adyrna.kz Telegram

Ресей мемлекеттік думасында жыныстық сауаттың орнына оқушыларға әскери дайындықты оқыту қажет екендігі жайлы бастама көтерілді. Ұсынысты отбасы, әйелдер мен балалар комитетінің басшысы Нина Останина айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Газета.ru"-ға сілтеме жасап. 

Останинаның сөзінше, әскери дайындықты меңгерген оқушылар көшеде шашылып жатқан минаны қолына алмайды, барлық тосын қатерге дайын болады.

"Бастаманы қос қолдап қолдаймын. Өте дұрыс. Уақытша ғана емес, әскери дайындықты мектеп өміріне түбегейлі ендігу қажет. Сонда біздің балалар қару ұстауды үйрене алады. Қыздар болса, медибикелік машықты дамытсын. Біздің балалар барлығына дайын болуы тиіс", - деді басшы.

Сонымен қатар, Н. Останина қазіргі Ресейдің әскери-cаяси жағдайында балалардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезеңмен қоштасып, қауіп-қатер өтінде өмір сүруге бейімделуі тиіс екендігін айтты.

"Білесіздер ме? Қазіргі суық соғыс Батыс пен НАТО-ның үрлеуімен ысыды. Мен мұның түбі біздің жеңісімізбен аяқталатынына сенемін. Олар мы0ты Ресейдің болғанын қаламайды. Сондықтан балалардың біліктілігін арттыру керек. Мәселен, көшеде баламыз жапырақ жинап жүрді. Жапырақ деген үмітпен қолына минаны алды. Бітті. Бала жоқ. Жыныстық сауатты мектеп бағдарламасына таңып қоймайды. Бізге әскери дайындықты үйрету керек. Ұлдар - ер болып, қыздар - әйел болып тәрбиеленіп, үнемі көмекке келе алатындай болуы керек", деді комитет төрайымы.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер