Иманжан Жылқайдарұлы. Ұлытау (үзінді)

4594
Adyrna.kz Telegram

Айнадай жарқырайды суы жайнап,

Тасқа су шағылысып жалт-жұлт ойнап.

Көл суы балдан тәтті, қардан суық,

Шымырлап, көбіктеніп, бұрқ-бұрқ қайнап.

Жігі жоқ екі шоқы өрген тастан,

Айтуға да болады жақын аспан.

Жүргінші ұшпа бұлттар түлеп қонып,

Секілді қонақ үйде басын қосқан.

 

Айнала жасыл шалған, көкшіл құрақ,

Ну ағаш қалың біткен, сыртын орап.

Күзеткен осыларды жасақшыдай,

Қисайып жатыр көлбеп арша сұлап.

Иманжан ЖЫЛҚАЙДАРҰЛЫ 1886

Баба тауым – Бақ тауым. Өлеңдер.

Құраст.: Т. Бүкіров, Қ. Құрмансейіт.

 

Пікірлер