"Әскери басшылармен кездесеміз": ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға сапармен келеді

2848
Adyrna.kz Telegram

ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған",- делінген ресми хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 3 қазанда  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының оқу-жаттығулары басталып, 7 қазан күні аяқталған болатын. Ал Қырғызстан Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ-ның "Нерушимое братство-2022" бітімгершілік күштерімен 10 қазаннан бастап республика аумағында өтуі тиіс командалық-штабтық оқу-жаттығуларынан бас тартқан.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер