Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

2678
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Көлік полицейлері Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, желілік полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, мемлекетаралық іздеуде жүрген 62 жастағы қылмыскерді Алматыдағы халықаралық әуежайдың шығарып салу залында ұстаған.

Ресей Федерациясының азаматы РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.  Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көліктегі полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, "Нелегал-2022" жедел-алдын алу шарасының екі күнінде Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 38 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер