Ресей Өзбекстан азаматына әскери комиссариаттан шақырту жіберген

2163
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде Өзбекстан азаматына әскери комиссариаттан шақырту келген. Бұл туралы Mediazona Central Asia жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мәскеуде тұрамын, бірақ мен ешқашан Ресей Федерациясының азаматы болған емеспін. Тиісінше, ешқандай әскери есепке тұра алмаймын. Өзбекстан елшілігіне хабарластым. Олар арыз жазу керек екенімді айтты. Сондай-ақ ешқайда бармау керектігін ескертті»,— дейді ер адам.

Айта кетейік, бұл шетелдіктерге келген бірінші шақырту қағазы емес. Ресей қазан айының басында Санкт-Петербургте Қазақстан азаматын да әскерге шақырмақ болған. Кейіннен жергілікті әскери комиссариат шақырту қағазының «қателіктен» шыққанын мойындады.

Пікірлер