Жетісу облысында 700-ден аса дәрігер жалақыларын ала алмай жүр

2530
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жетісу облысының Ақсу ауданындағы орталық ауруханада жұмыс істейтін 727 қызметкерге үш айдан бері не зейнетақы, не әлеуметтік, не медициналық жарна төленбеген. Мұны бас дәрігердің өзі де мойындап отыр. Бұл туралы

">“Информбюро” бағдарламасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бас дәрігердің сөзінше, осындай амалға бюджет жетіспегенінен амалсыз барған. Ал аурухана қызметкерлері айлықтың өзін бөліп-жарып береді деп ашынып отыр.

“Мысалы, айлығымыздың 70%-ын ғана алып жатырмыз ғой, біз қыркүйек айынікін алдық. Сондағы маусым айынан бастап зейнеақы қорына және өзге төлемдер неге түспеді? Соны білгіміз келеді. Ол ақша жалақыдан бөлінді ғой, неге түспей жатыр біздің ақша?! Айлығымыз біздің 156 мың”, – деді Ақсу аудандық орталық ауруханасының медбикесі Раушан Қазиева. 

Ақсу аудандық ауруханасында қызметкерлер екіге бөлінген. Бірі жаңадан келген бас дәрігерді қолдаса, екінші тарап қарсы. Жаңа басшыны қолдамайтындардың басым бөлігі орта, кіші буындағы қызметкерлер. Басты мәселені көтеріп отырған да осылар.

“Менде ешқандай өзгеріс жоқ, қосылған бір ставка, ставка. Тағы 32% деп 2020 да айтқан, саты бойынша 2021, 2022, 2023-те қосылады. Бірақ ешқандай өзгеріс көріп отырған жоқпын”, – деп қосты Ақсу аудандық орталық ауруханасының медбикесі Алма Садуақасова. 

Ал Ақсу аудандық ауруханасының бас дәрігері 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін дәрігер, медбике, тазалықшылардың айлығы қаншаға өскенін көрсетіп берді. Берген құжатында көрсетілген сандарға сәйкес 2019 жылы дәрігердің айлығы – 195 мың теңге болса, қазір олардың айлығы – 443 мың. Медбикелердікі 158 мыңнан 245 мыңға дейін, ал тазалықшылар 52 мыңнан, 89 мың теңгеге дейін айлық алады. Оның үстіне барлық медицина қызметкеріне кезекшілігі үшін тағы қаражат қосылады деді. Тіпті 700 мың теңгеден жоғары айлық алатын дәрігерлер де бар деп жеткізді.

Ал аурухананың бас дәрігері қаржылық мәселенің барын растайды. Бірақ жағдайды реттеуге барынша тырысып жатқанын айтады.

“Бізде соңғы кезде қарды мәселесі өте көп. Оны ақырындап шешіп жатырмыз. Біз барлық жоғарғы құзырлы органдарға хат жазып, реттеп жатырмыз. Сондықтан қазір бөлінген ақша зарплата беруге әрең жетіп жатыр. Бүкіл аудандық ауруханада істейтін қызметкерлерде осы проблема”, – деп мәлімдеді Ақсу аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Салтанат Мықтыбаева. 

Сондай-ақ ауруханада 17 зейнетке шыққан дәрігер жұмыс істеуде. Оларды қысқартпасақ тағы болмайды, дейді. Себебі зейнет жасына келген жандар компьютердің пернетақтасын де жөндеп баса алмайды дейді бас дәрігер. Ал айлықтары беріліп, бірақ зейнетақы, әлеуметтік, медициналық жарнасы төленбеген қызметкерлердің төлемдері екі айдың көлемінде шешіледі деп сендірді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер