"BAQYLA" ҚҚ Қазақстан бойынша 6 мыңға жуық бақылаушы оқытуды жоспарлауда

2928
Adyrna.kz Telegram

Елімізде 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлауында елішілк тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің барлық аумағын қамтитын өңірлік штабтары бар тәуелсіз бақылаушылардың «BAQYLA» Қоғамдық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың бақылаушылары еліміздің 26 ірі қаласында барлығы 3,2 мыңнан астам сайлау учаскелерінде бақылаушылық жасайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Сайлау процесіне белсенді қатысатын топтың бірі – бақылаушылар. Олардың сауатты жұмыс істеуі, бақылаудың барлық тәсілдерін терең меңгере білуі – Қазақ еліндегі Сайлау жүйесінің жақсаруының бір кепілі. Менің міндетім – әрбір облыс. қалалардағы бақылаушыларды дайындайтын тренерлерді дайындауға арналған арнайы офлайн, мүмкіндік болса, онлайн  семинар-тренингтер жүргізу, сайлауды бақылау барысында туындаған сұрақтарға жауап беру", - дейді Дос Көшім. 

 

"2019 жылы бақылаушылар институты елде жаңа қарқын алып, билік санасатын қоғамдық күшке айналғаны белгілі. Біз азаматтық қоғамды күшейтуіміз керек, ал бақылаушылар болса сол қоғамның мызғымас ойыншыларының бірі. Түрлі себептерге байланысты қазір елдегі азаматтық қоғамның күйін көңіл көншітетіндей деп айтуға келмейді. Сол үшін біздің ұран «Күн сайын азамат бол!» болуы керек. Мен үш жыл бұрын белсенді бақылаушылардың қатарында болдым, осы жолы ел бойынша бақылаушыларды қалыптастыруға дәрістер өткізу арқылы атсалысайын деп жатырмын. Бақылаушылардың негізгі бөлігі жастар болмақ деп ойлаймын, атап айтқанда, оларға «Азаматтық қоғам не үшін керек?» және «Қалай тиімді пост жазу керек?» тақырыптарында дәрістер өткізуді жоспарлап отырмын. Бұдан бөлек процеске жаңа бақылаушыларды тарту да жоспарда бар. Әрине, елдегі бүкіл сайлау учаскелерін толық қамту үшін 20 мыңның үстінде білікті бақылаушы керек, аз болып көрінгенмен, ел болып осы көрсеткішке әлі жете алмай келеміз. Бірақ көш жүре түзеледі. 2019 жылы азаматтық белсенділер көтерген туды түсірмей, бағыттан таймай, бақылаушылар институтын нығайтуды жалғастыра беру керек. Сайлаудан сайлауға бақылауға алынатын учаскелерін саны артса, ертелі-кеш халықтың дауысы түгел ескерілетін күнге де жетеміз", - дейді Бақытжан Бұқарбай. 

 

"Елімізде әділ әрі шынайы сайлау өткенін барлығымыз да қалаймыз. Алайда сайлаудың шынайы өтуіне билікты құлықты емес. Жасыратыны жоқ. Сайлаудың таза өтуіне қарапайым адамдар мүдделі. Көптеген Қазақстан азаматында берген дауысым, салған бюллетенім өзге кандидаттың қанжығасына байланып кетуі немесе қоқыс жәшігінде жатуы мүмкін деген күдік бар. Бұл ұзақ жылдар бойы қалыптасқан және әлі де жалғасын тауып келе жатқан сайлаудағы құйтырқы әрекеттердің нәтижесі. Біз бұл олқылықты толық шешпесек те, сайлауда бақылаушыларды қатыстырып, оқытып көргіміз келеді. Әрине, тұтас Қазақстанды қамту мүмкін емес. Оны биліктік партиялар ғана жасай алатын шығар. Бірақ барынша көп учаскені қамтуға тырысамыз. Ірі қалаларды, облыс орталықтарын қамтуға тырысамыз. Ел бойынша 6 мыңға жуық бақылаушы оқытуға әрекеттеніп, жоспарлап отырмыз",- дейді Асхат Қасенғали. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер