Президент жарлығы: Алматы әкімі Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде қандай мәселелер талқылады

2435
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін  Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.  

Президент жарлығының шеңберінде шаһар басшысы  8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу өткізуі тиіс. Осының аясында Ерболат Досаевтың халықпен кездесуі Наурызбай ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 350-ден астам адам келді.

Ауданда сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету  өзекті мәселе болып қала береді. Оны шешу үшін қазіргі уақытта 2 су қоймасының 104,2 км инженерлік желілердің құрылысы белсенді жүргізілуде, сондай-ақ сорғы станциялары бар қосымша магистральдық су құбырын жобалау басталды. Қарғалы су қоймасы бойынша жұмыстар 92%-ға аяқталды, пайдалануға беру келесі жылдың маусым айына жоспарлануда. Ақсай станциясының жобасы бойынша бүгінде жер жұмыстары жүргізілуде, нысанды тапсыру 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Ауданды тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін 79 трансформаторлы қосалқы станция жөнделіп, 3,8 км электр желілері қайта жаңартылды. Сондай-ақ, ауданда 48 көшеде сыртқы жарықтандыру жүргізілді. 2023 жылы тағы 59 көшеде жарықтандыру мәселесін шешу жоспарланған.

Ауданда жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті дамыту мәселесі бойынша ұзындығы 23 км болатын 30 көшенің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, 2022 жылдың қараша айының соңына дейін ұзындығы 7 км 8 көше жөнделеді. Сондай-ақ жыл басынан бері Ақжар шағын ауданында ұзындығы 6,7 км болатын 19 жаңа көшеге асфальт төселді.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін 2022 жылдың 1 қыркүйегіне қарай  Қалқаман  шағын ауданында 1800 орындық 2 мектеп және Қарғалы  шағын ауданында 600 орындық жеке  мектеп ашылды. Жыл соңына дейін  Қалқаман  ш/а-да 1500 орындық тағы 2 мектеп  және «Алма Сити-5» ТК аумағында 1200 орынға арналған мектеп пайдалануға беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын қысқарту мақсатында жыл басынан бері 700 орындық 12 жекеменшік балабақша ашылды.  Шұғыла  шағын ауданында 2023 жылдың шілдесінде аяқталуы тиіс 320 орындық жаңа балабақша салынуда. Сонымен қатар, 3 балабақша бойынша ЖСҚ әзірленуде:  Құрамыс  шағын ауданында 320 орынды, Шұғыла шағын ауданында 320 орынды және Қалқаман шағын ауданында 240 орынды.

Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 500 адамды қабылдайтын 2 жаңа емхана және 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (200 адам) салу жоспарлануда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

Ауданда қатты жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қала береді.ТЖ желісі бойынша 6 учаскені жою жұмыстары жүргізілуде. 4 учаске бойынша жұмыстар аяқталды. Ойжайлау өзенінің ұзындығы 1,1 км арнасы нығайтылды, Төлебеков, Талжанов, Жадыр (800 м) 3 көшесі бойынша арық желілері салынды. Ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін Райымбек даңғылы бойынша «Нұрлы Дала» ТК-де ұзындығы 1,4 км Ақсай өзенінің арнасына дейін және Сабденов көшесіндегі арық желісін абаттандыру аяқталады

Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Биыл ауданда 47 жоба жүзеге асырылды. Ақжар шағын ауданында  (3 га) және Қалқаман  ш/а (2,5 га), Қонаев көшесі бойындағы ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілер аймағы,  Мейрам ш/а жаяу жүргіншілер аймағы. Мейрам және т.б. абаттандырылды. Қоғамдық кеңістіктердің 21 учаскесі (скверлер, балалар алаңдары, аулалар) және жол инфрақұрылымы бойынша 26 жоба да  абаттандырылды.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Пікірлер