Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

1514
Adyrna.kz Telegram

 Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер