Қарағандыдағы ірі сауда үйінің жанында көлік өртенді

2612
Adyrna.kz Telegram
Қарағанды қаласындағы "Global City" сауда және ойын-сауық орталығының жанында автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқыс оқға 31 қазан, сағат түнгі 21:40-та болды.

"Audi С4маркалы көлігінің қозғалтқышындағы жануға бейім бөліктері, құрылғылар панелі және салонның қаптамасы өртенді, от шарпыған жалпы аудан  көлемі - 5 шаршы метр" - деді  Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 22:07-де түбегейлі сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер