Ирандағы жағдай биліктің бақылауынан шығып барады

2284
Adyrna.kz Telegram

Иранда халықтың билікке қарсы ереуілі жалғасып жатыр. Ереуілшілердің қарқыны қатты үдеп, билік оларды бақылауға ала алмайтындай жағдайға жетті. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан наразы халықтың билікке уәж айтып, қала көшелерінде қалың шеру құрғанын байқауға болады.

Жаппай белең алған шеру 13 қыркүйек күні басталған. Оған Тегеранға оқу қуып келген Махса Аминидің өлімі себеп болған еді. Халық Махса Аминидің өліміне полицияны кінәлап, ереуілге шықты. Әйелдер орамалды міндеттеген билікке қарсы шаш қиып, орамалдарын өртеді.

Орайы келгенде айта кетейік, АҚШ Президенті Джо Байден Калифорния сапарында жүргенде тілшінің "Иран жайлы не ойлайсыз?" деген сұрағына "Иранды азат етеміз!" деп жауап қатты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер