"Өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес": Сәтбаевта гастрольде жүрген 18 жастағы цирк әртісі өлі табылды

2241
Adyrna.kz Telegram

Сәтбаев қаласында гастрольде жүрген «Шапито» циркінің 18 жастағы цирк әртісі өлі табылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Полицияның болжамына сүйенсек, қайғылы оқиға кезінде цирк Сәтбаев қаласында гастрольде болған 18 жастағы цирк әртісі өз-өзіне қол жұмсады. Алайда марқұмның туысқандары бұған сенбейтіндерін жеткізді.

«Аталмыш факт бойынша Сәтбаев полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады», - делінген ресми хабарламада. 

Мария Катцун эстрадалық цирк училищесінде оқып, жазда Алматыдағы «Шапито» циркімен өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімшартқа қол қойған. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер