"Дұғадамыз": Димаш Құдайберген боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы

2483
Adyrna.kz Telegram
Димаш Құдайберген боксшы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Қазақтың нағыз намысты жігіті!Алла шипасын берсін. Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын. Дұғадамыз…", - деп жазды әнші өзінің инстаграм парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түскен болатын.
Пікірлер