Алматыда «барахолкадан» өрт шықты

1826
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналым, 7 Б мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді.

«Кептеліске қарамастан, ТЖД қызметкерлері оқиға орнына 8 минутта жетті. Базардағы контейнерлер өртенген. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды»,—деді ведомство.

Пікірлер