Шри-Ланканың төрт азаматы Қазақ елінің шекарасынан шығарылды

2047
Adyrna.kz Telegram

Орал станциясындағы көлік полицейлері шетелдіктерді ұстады. Шри-Ланка Республикасының төрт азаматы Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзған. Олар визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шықпай, елде жүріп алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, -деді департамент басшыының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Қазақстан аумағында ұзағынан қалғысы келген шри-ланкалық шетелдіктер - 21, 25, және 26 жаста. Олар “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында құрықталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер