Қарағанды облысында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті (ВИДЕО)

2084
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қарағанды облысында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Бұған қатысты "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша,  құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"2022 жылғы 17 Қарашада 06 сағат 15 минутта Қарағанды облысының Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас - ОП аралығында жүк пойызында 14 вагонның рельстен шығып кетуіне жол берілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың рельстен шығуы олардың ақаулығымен байланысты. Орын алған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды", - делінген ресми хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер