"Қазақша сөйлемейтіндер cахнада тайраңдап жүр, әйгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов үйінде отыр" - жазушы Дәурен Қуат

3028
Adyrna.kz Telegram
Жазушы, "Қазақ Әдебиеті" басылымының бас редакторы Дәурен Қуат қазақ өнеріне ұшан-теңіз үлес қосқан әнші Нұрғали Нүсіпжановтың атаусыз қалған мерейтойына уәж айтып, дәуір дарабозына лайық құрмет көрсетілмей отырғандығын алға тартты. Бүгінде қаншама ұрпақты балкөмей дарынымен қанаттандырған құрметті ақсақал елеусіз қалып, оның орнын қазақ тіліне құрметі төмен жастар басқан. Бұл жосын жайды  "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 
- 7-арнадан бір әнші баланың концерті болып жатыр. Әлгі баланың ән айтып жүргеніне 15 жыл болыпты. Құдай ақы, бір әнін білмеймін. Өзі өзбек пе, ұйғыр ма — сондай бір ұлттың төлі. Әйтеуір, қазақша ән айтқанымен, қазақша сөйлемейді. Ал енді ән әлеміндегі он бес жылдығы дүркіреп өтуде. Зал толы халық, - деп жазды қаламгер.
May be an image of 1 person and indoor
Мұнымен қоса, қаламгер Дәурен Қуат қазақ руханиятының абызына айналған әншінің елеусіз қалуы -  қазақ руханиятына көптің танытқан немқұрайдылығы деген тоқтамға келді.
- ... Өкінішті. Әлгі әншінің концертін ТВ-дан тамашалап, үйінде Нұрғали Нүсіпжанов отыр. Жасы биыл — 85-те. Сахнада сайран салғанына — 65 жыл. Нұрағам бүгін де бабында. Бірақ неге екені белгісіз, елеусіз қалып барады. Мерейтойы да, сахнадағы 65 жылдығы да атаусыз қалды. Неге?
Нұрағаң — өзімен замандас, тұстас композиторлардың әндерін қалың елге әйгілеген балкөмей әнші. Қаншама ұрпақ Нұрғали Нүсіпжанов салған әндердің әлдиі мен рухына бөленіп өсті десеңізші! Сондай тұлға осы күні көзден таса, көңілсіздеу ғұмыр кешуде.
Жақсыңды жабырқатпа, ағайын! Нұрағаңа лайықты құрмет жасайық! - деп сөзін түйіндеді автор.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер