Қарағанды облысында "Тәжікстан-Мәскеу" бағытында қатынайтын автобус бұзылып, сапарға шыққандар жолда қалды. Қарағанды құтқарушылары Тәжікстаннан Мәскеуге бағыт алған автобусты жөндеп, шетелдік жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
28 қараша күні сағат 23:00 шамасында Төтенше жағдайлар департаментіне Қарағандыда «Голубые пруды» шағын ауданында «Тәжікстан – Мәскеу» бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусының бұзылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Көліктің жанармай жүйесі зақымдалғаны анықталған.
- Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автобустың тасжолда орналасқан жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жан-жақты көмек көрсетті. Жергілікті атқарушы органдар ақауы бар автобусты жылыту жәшіктеріне сүйретуді ұйымдастырды, - деді Қарағанды облысының ТЖД.
"Адырна" ұлттық порталы