Айтқали Исенгуловтың 75-жылдық мерейтойын құрметтеу салтанаты

2014
Adyrna.kz Telegram

Құрлық әскерлері Әскери институтында еліміздің егемендік алған күнінен бастап Қазақстан Республикасының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі тұңғыш орынбасары болған генерал-майор Айтқали Гусманович Исенгуловтың 75-жылдық мерейтойын құрметтеу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мухамеджан Таласов, Қарулы Күштер ардагерлері, Алматы гарнизонының құрылымдары мен әскери бөлім командирлері, әскери оқу орындарының профессорлық оқытушылық құрамы, курсанттары және тәрбиеленушілері қатысып тәрбиесі мол іс-шараның куәгері болды.

Құрлық әскерлері Әскери институты мұражайында атаулы күнге құрмет көрсетіп мерейтой иесі А.Г.Исенгуловқа арналған бұрыштың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуы және дамуына қосқан үлесі үшін Қорғаныс министрінің бұйрығымен генерал-майор А.Г.Исенгулов бірінші дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен марапатталды.

А.Г.Исенгулов 1943 жылы Орынбор облысында дүниеге келген. ҚСРО Қарулы Күштерінде армиялық өмір жолдың бастауын сарбаздан бастап генерал шенінде тәмамдады.

Тәуелсіз Қазақстан әскерлері құрылған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі, кейінде тұңғыш Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жөніндегі орынбасары лауазымдарына тағайындалып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдарына тәрбиешілерді енгізушінің негізін қалаушысы болды.

Қызмет барысында «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз», «Құрмет» және басқа да 35 медальмен марапатталды.

Бүгінгі таңда Айтқали Гусманович Исенгулов еңбегі сіңген еренді демалыста болса да қоғамдық өмірде және жастарды әскери патриоттық тәрбиелеуде белсене қатысуда.

Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметі

Пікірлер