Павлодар қай елдің саясатын насихаттайды?

3612
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желідегі белсенді журналист Есенбек Санатұлының мына жазбасы қоғамды дүрліктірді. Даудың ошағы үнемі идеологиялық саясаты сынға ілініп жүретін Павлодар облысы. Ендеше төменде автордың жазбасын қаз-қалпында беріп отырмыз.

«Жазбасыма болмады. Таңертеңнен бері топтарда СССР-дің туған күнімен құттықтаған жолдаулар мезі етті. Комсомолдардың кесірі ақыры міне көрініс берді. Әсіресе өзге ұлт өкілдері бүгін бірін бірі Отан күнімен құттықтап мәз. Оған біздің қаракөздерімізде қосылып алған.

Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылының әкімдігі бүгін ерекше қуанып мәз болғаны байқалады. Watsappтағы топтары қызылға толып кеткен. Ауыл әкімі Болат Файзуллинге мән-жайды түсіндірейін деп хабарлассам, "қайт деп отырсың", дегендей дұрыс сөйлеспей телефон тұтқасын лақтырып тастады. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев не дейсіз, мына қылыққа? Құттықтауларға қосылғандардың қатарында өз әріптестерімнің болғаны жанға батты».

Жаназасы шыққанына 27 жыл толған Кеңес Үкіметін аңсайтындар басқа-басқа емес, әкімдікте отырғанына налиды автор.

Р. S. Кешеден бері керекуліктердің телефон ватсабы РФ Президенті Путиннің жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған суреттеріне толып кетті. Қазіргі заман ақпарат соғысының заманы екенін ескерсек, мемлекеттік саясаттың ең қауіпті де нәзік тұсы идеологияны қатаң қадағалаған жөн-ау.

                                                                                                                          «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер