Цифрлық құжаттар Halyk Homebank мобильді қосымшасында қолжетімді

2108
Adyrna.kz Telegram

Halyk Bank Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен жаңа қызметті іске қосты. Атап айтсақ, банк клиенттері Halyk Homebank қосымшасында өздерінің цифрлық құжаттарына тұрақты қол жеткізе алады.

Мәселен, қазақстандық әуе компанияларының ішкі жолаушылар рейстерімен саяхаттау кезінде Halyk Homebank пайдаланушысы Қазақстанның барлық әуежайында, «Қазақстан темір жолы» АҚ вокзалдарында вагонға отырғызу кезінде құжаттарының цифрлық нұсқаларын қарап, көрсете алады.

Жаңа қызметті пайдаланудың маңызды шарты — мемлекеттік деректер қорында цифрландырылған ақпараттың болуы. Halyk Homebank қосымшасы клиентінің келісімімен сервис арнайы QR кодын немесе цифрлық құжаттың қысқа кодын оқу арқылы үшінші тұлғаларға оның цифрлық құжаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Құжаттар тікелей egov.kz мемлекеттік қызметтер порталынан жүктеледі және Халық Банкінің клиенттері жеке деректерінің қауіпсіз қорғалғанына сенімді бола алады.

Halyk Homebank қосымшасындағы цифрлы құжаттарды қарау үшін басты беттегі «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Менің құжаттарым» тармағын таңдап, одан ары SMS арқылы жеке дербес деректерді қолдануға келісім беру қажет. Сұраған тарапқа QR-кодты немесе цифрлы құжаттың қысқа кодын көрсеткеніңіз жеткілікті. Қысқа код арқылы банк қызметтерін, яғни Halyk Bank бөлімшелерінде пайдалануға болады. Қазіргі уақытта Halyk Homebank қосымшасында цифрлы құжаттардың 18 түрі бар, олардың ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік, әлеуметтік куәлік бар.

Еске сала кетейік, цифрлық құжат – түпнұсқа құжаттың аналогы.

Пікірлер