Мырзағали Айтжанов бас жаттықтырушы болып тағайындалды

5870
Adyrna.kz Telegram

Бокстан КСРО және Еуропа чемпионы Мырзағали Айтжанов қайтадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Спортшы ерлер құрамасын 2009 - 2018 жылдар арылығында баптаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов жаттықтырған болатын. Ол құраманың тізгінін Токио Олимпиадасынан кейін ұстады.

Пікірлер