Алматыда бейәдеп сөздер айтып, бұзақылық жасаған футбол жанкүйерлері жауапқа тартылды

1168
Adyrna.kz Telegram

Полицейлер Алматыда әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық орындарды ластаған футбол жанкүйерлерін жауапқа тартты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы қаласында балағат сөздер айтып, қоғамдық орынды ластаған футбол жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шараларда өзін ұстау ережелерін бұзғаны, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік шара қабылданды.», - деді ведомство басшысы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Әлекешев мұндай әрекет тек футбол жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл елдің имиджіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

«Мұндай әрекеттер футбол жанкүйерлерінің атына ғана емес, бүкіл елдің абыройына нұқсан келтіреді. Өз командаларыңызға қолдау көрсету дұрыс, бірақ бәрі заң аясында болуы тиіс. Қарсыластар мен басқа азаматтарды балағаттап қорлауға жол берілмеу керек», - деді құқық қорғау органының өкілі.

Сондай-ақ басқарма басшысы «заң баршаға бірдей» деген қағиданы сақтау керектігін еске салды:

«Құрметті азаматтар! ІІМ елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуді жалғастырады. Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелетін кез келген әрекет үшін жауапкершілік көзделеді», - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Еске сала кетсек, осыдан бір апта бұрын 20 сәуір күні Алматы қаласындағы, Орталық стадионда “Ақтөбе” футбол клубы мен “Қайрат” футбол құрамасының арасында жолдастық кездесу өткен болатын. Матч 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ойын басталмас бұрын жанкүйерлер Алматы көшелерін шулатып, шеру ұйымдастырып, жанкүйерлік дабыл қағып, оның арасында бір-бірін боқтық сөздермен балағаттап елдің назарына іліккен болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Давай Сходим! (@sxodim)

 

Пікірлер