Қазақстан мен Литва туризмді дамытуға жаңа серпін бермек

2444
Adyrna.kz Telegram

2023 жылғы 30 қаңтарда Литваның Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы Туризм жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасының делегациясын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев басқарды.

Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tourism» ҰК «АҚ, сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-кен курортының өкілдері енді.

Литва Республикасының делегациясын Литва Республикасының Экономика және инновациялар вице-министрі Винцас Юргутис басқарды.

Жұмыс тобының ресми отырысы барысында қазақстандық делегация елдің туристік әлеуетін таныстырды.

Вице-министр Қазақстан туризмінің негізгі көрсеткіштері қалпына келтіріліп қана қоймай, 2019 жылғы көрсеткіштерден де асып түскенін хабарлады. Қонақүйлер қызмет көрсеткен шетелдік туристердің саны шамамен 610 мың шетелдік туристі құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. шетелдік қонақ күтілуде.

Литвалық тарап Қазақстандағы экотуризм мен тау шаңғысы туризмі сияқты ұсыныстарға, сондай-ақ литвалық тарап баламасын енгізуге ниетті eQonaq ақпараттық жүйесіне қызығушылық танытты.

Тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту Қазақстан мен Литваның бірлескен мақсаты болып табылатынын атап өтті.

Бұдан басқа, елдер сауықтыру, тұрақты туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға, B2B байланыстарды ынталандыруға ниетті.

Қазақстандық тарап Вильнюстегі әріптестеріне Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» таулы курортында Литваның туризм күндерін және Вильнюс қаласында Қазақстанның туризм күндерін өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің Вице-министрлері жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойды.

Осыған дейін, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында қазақстандық делегация Adventure23 халықаралық туристік көрмесіне барған болатын. Көрме аясында делегация қатысушылардың стендтерімен танысты.

Пікірлер