Шымкенттің ауруханасынан тағы ши шықты

2513
Adyrna.kz Telegram
Шымкенттің ауруханасынан тағы ши шықты. Бұл жолы бүйрегін ауыстырған науқастар наразылық көрсетті. Ауыр отаны еңсеріп, аман қалған азаматтар тиісті медициналық көмектен қағылатын болдық деп отыр. Өйткені №1 клиникалық аурухана әкімшілігі нефрология бөлімшесін жауып, оны терапия бөліміне қосқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Неврология бөлімін жауып, терапияға қосып қойды. Сол жерден үш-ақ палата беріп отыр. Ол жерде науқас көп, трансплантация жасалған науқастар бар – 450 адам. Диализге дейін баратындар бар, онда 100-ден астам адам. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын кісі көп. Сол үшін біз өзіміз сыймай тұрған кезде алды да, қысқартып тастады", - деп хабарлады Бірінші топтағы мүгедек Мақсат Құлсериев.

Бүйрегі ауыратын науқастардың талабы орындалмаған. Олар біраздан бері жатын орынды көбейтуді сұраған, бірақ талабын орындаудың орнына, тұтас бөлімшені жауып тастаған.

Жиналғандар "Бұл – қолдан жасалған қастандық" деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер