Алматының қақ төрінде қазақша сөйлемейтін биліктегілерге бола үлкен шу шықты

7745
Adyrna.kz Telegram
Алматыда өтіп жатқан аса ірі көлемдегі «Digital Almaty» халықаралық форумы бүгін шуға ұласы. Министр және өзге де әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер қатысқан халықаралық форумның аясында қазақ тілін табалдырыққа дейін ысырылып, қазақ тілділердің құқығы тапталды. Мұндай сойқанға шыдамаған белсенді Нұрқожа Ерсайын орнынан көтеріліп, қатысушылар мен ұйымдастырушыларды сөзбен сойып салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Өнеркәсіп саласының автоматтандырудан цифр­ландыруға көшуін, цифрлық майнинг перспиктиваларын, роботтандыруды қолдау салаларын талқыға түскен форумда қазақ тілділерді елеп-ескерген ешкім болмады. Мұндай адам төзгісіз қылыққа шыдамаған белсенді Нұрқожа Ерсайын залдың қақ төріне шығып, өткір пікір білдірді.
- Алдымызда сөйлеп тұрған жеті адамның бесеуі - қазақ. Залға жиналғандардың 90 пайызы қазақ. Әкімнің орынбасары отыр. Ол да орысша сөйлеп отыр. Неліктен қазақша сөйлемейсіздер? Бұл диджитал Алматы ма, әлде диджитал Мәскеу ме? - деп мәселені төтесінен қойды азамат.

> MR DN:

Белсендінің ұстанымы мен "қазақ тілін қадірлемеген" форум айтақшыларына қатысты азаматтық журналистер, ұлттық санасы мығым жастар пікір білдірді.
Журналист Жалғас Ертай:
Біздің билік мемлекеттік тілді дискриминациялаумен айналысады.
Алматыдағы форумға премьер-министр, министр, әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер қатысты. Олардың бәрі сөзін, презентациясын толықтай орысша жасағанына сенімдімін. Ол форумға бармасам да, билік өкілдерінің бірде-бірі қазақша презентация жасамағанын сеніммен айта аламын.
Мемлекеттік тілге келген кезде “көпшілік түсінсін”, “қазақша білмейтіндер де бар” деген қатынас болмауы керек. Түсінбейтіндер болса, аударма жасасын. Бірақ мемлекет қызметшісі мемлекеттік тілді дискриминациялауға жол бермеуі керек еді.
“Мемлекеттік тіл туралы” заң қабылданып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын нақты бекітіп, тек мемлекеттік тілде сөйлейтін мемлекеттік қызметшілер тізімін жасамайынша, осылай жүргеніміз - жүрген.
Белсенді Қайрат Жарылқасынұлы:
Дұрыс! Сойып салу керек осылай. Ана әкім орынбасарының бетіне басып айтқаныңыз өте дұрыс болды!Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді аяқ асты етіп, керек етпей жүр. Қызметтен қуу керек шеттерінен.
Белсенді Данияр Жаныс:
Диджитал Алматы ма, Диджитал Мәскеу ме?
Тарих ағайымыздың сұрағы дұрыс, бірақ кеш секілді. Біздің бір кемшілік - бірнеше күн қалғанда "Шара 60 пайыз өте ме? Әлде қай тілде өтеді. Біздің талап қазақ тілінде өту керек" деген секілді хат жазылуы тиіс.
Сосын ұйымдастырушылар да ойланады ғой. "Ееее, біз барлық орыстарды жинап алдық. Қой, жартысын қазақша сөйлетейік" деп.
Ал шараның жоспары бекітіліп, бәрі болып жатқанда олар әрине "келесі жолмен" шығарып сала салады.
Құқығымыздың бұзылмауы үшін міндетімізді де дұрыс білуіміз керек.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер